Ораза ұстау мен ашығудың денсаулыққа пайдасы қандай? | Подкаст №3.
Тұңғыш денсаулық пен сұлулық саласына байланысты подкаст бағдарлама «Денсұлу» подкастының бұл санында қасиетті Рамазан айында Ораза ұстап жүрген немесе жаңадан Ораза ұстауға бел буған мұсылмандарға пайдалы ақпарат беріледі. Студиямыздың қонақтары: Тұңғыш Муфти болған хазрет Ратбек қажы Нысанбайұлы, Нұр-Мүбәрәк университетінің аға-оқытушысы Оралхан Сейдманов және жоғары санатты гастроэнтеролог, профессор Бауыржан Самықұлы. Дін мен медицинаның басын қосып, ашығу әдебін нақтылай түсеміз. Оразаның денсаулыққа пайдасын ғана айтып қоймай, Ораза ұстауға тыйым салынатыт ауру түрлерін ашық атап өтеміз. ТАЙМ-КОД 0:00 – Анонс. Кіріспе 00:46 – Қонақтармен таныстыру 2:00 – Оразаның адам өміріндегі маңызы 4:24 – Намаз оқымаймын, бірақ Ораза ұстаймын. Бола бере ме? 5:55 – Кеңсайға қазақтар қаза болған адамды мылтық атып көметін 9:28 – қазіргі діни жағдайымыз қандай? 10:46 – Шетелдік ұстаз неге қазақ жастарын көріп жылап жіберді? 12:57 – 5 парыздың ішінде Оразаның ерекшелігі қандай? 14:21 – Ораза және ашығу кезінде адам ағзасында қандай процесстер жүреді? 21:28 – Науқас адамдар Оразада дәрісін қалай ішеді? Қандай аурулар кезінде Ораза ұстау, ұстамау жағдайы қарастырылған? 23:30 – Оразаның денсаулыққа пайдасы туралы Ұстаздар мен Ғалымдардың пікірі 29:45 – Оразаны алғаш ұстаушыларға қандай кеңес беріледі? 33:17 – Оразаны түрлі жағдайлармен ұстай алмаған адамдар не істейді? 34:26 – Ораза ағзаңды реттейді (Ораза денсаулық куәлігі) және өзің үшін үлкен тәрбие құралы 36:39 – Қазақтар көшпенді емес! Қазақтар күніне 24 сағат жұмыс істейді 39:46 – Ораза ұстай алмайтын қарттар не істейді? Алланың үкімі қандай? 40:56 – Бала емізетін әйел мен сапардағы адамдардың Оразасы 42:04 – Қаза Оразаның сауабының деңгейі қандай? 42:40 – Қандай науқаспен ауратын адамдар Ораза ұстауға болмайды? 44:27 – Сапарда және ауру жағдайларында Оразаны қаза қылмау 46:57 – Науқас адамның Оразаның қазасын өтеуі 47:30 – Қазіргі жастар мен Советтік кездегі жастардың парқы 49:36 – Ауыз бекіту және ашу кезінде дұғаны міндетті түрде арабша оқу керек пе? 50:29 – Аузы берік адам Ораза ұстамаған адамға ас әзірлегені дұрыс па? 51:47 – Бетке крем жағу, бояну Оразаны бұза ма? 52:58 – Ескі Оразадан қалған қарызын осы Оразада ұстауға бола ма? 54:00 – Аузы берік адам мошаға түсуге бола ма? 55:00 – Ораза кезінде шаш, тырнақ алуға бола ма? 57:10 – Ораза кезінде ашуланғаннан, ұрысқаннан ауыз ашылып кете ме? 58:00 – Ораза ұстасам бет-аузым жарылып, тері ауруы, асқазаным аурады. Оразаны қалай ұстаймын? 1:00:16 – 11 сынып оқушысы. Сабағым түстен кейін. Ораза қиын болып келетеді. Не істеу керек? 1:01:11 – Хазрет Ратбек қажы. Африкада 50 градустан астам ыстықта ұстаған Оразасы. 65 жыл ұстаған Ораза 1:03:29 – Ораза туралы ғылыми зерттеу жұмыстары жасалса 1:06:43 – Оразада адамды әлсірететін нәрсе... 1:08:26 – Қорытынды 1:09:13 – Подкасты түсіруші команда Хазрет Ратбек қажы 1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізін қалаған, сонау қатаң Совет заманында дінді ұстанған және үгіттеген адам. КСРО кезінде елімізде 25 мешіт болған, сол кезде Ратбек қажы 68 мешіт салдырды. Сонымен бас-аяғы 93 мешіт болды. Ал тәуелсіздік алғалы Хазрет еліміздің түкпір-түкпірін аралап, үгіт-насихат жасап, 5 жарым мыңдай мешіт салдырған. Оралхан ұстаз бүгінгі Егемен заманда жастардың діни сауатын ашып, дінді бұрмалаумен күресіп жүрген азамат. Ал Бауыржан Самықұлы дінді қадірлейтін дәстүрлі медицина өкілі. Қонақтарымыз көптеген пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, Оразаны бұзатын және бұзбайтын ел арасында жүрген қате ұғымдардың басын ашады. Көрермендеріміз өздеріне көптеген пайдалы ақпарат алатынына сенімдіміз. Сұлулығымыз бен саулығымызды сақтайық. Instagram платформа: @densulu.kz / densulu.kz Денсаулық пен сұлулық саласына байланысты академия: @densulu_academy / densulu_academy Платформа сайты: https://densulu.kz/
Идея авторы: @minayhan / minayhan @gulymkhan_nyssanbaeva / gulymkhan_nyssanbaeva Байланыс: +7 707 997 58 70 +7 771 490 63 23