Қазақстан үш жылда цифрлық басқару жүйесіне толық өтуды жоспарлап отыр
Елде екінші суперкомпьютер кластері іске қосылады. Бұл жайында бүгін Digital Bridge форумында сөз сөйлеген Президент мәлімдеді. Жиында Мемлекет басшысы әлем жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанын айтып, цифрландыруды табысты дамыту үшін қаржы мен ресурс, заманауи білім, сондай-ақ этикаға негізделген мәдениет қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ бүгін «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастады. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24