«Жүрегім жылап тұрса да, жарқылдап жүремін». Әлеуметтік желідегі жұлдыз директор - Ақмоншақ Нұртаза
Заманауи мектеп директоры қандай болуы керек? Бұл сұрақтың жауабын №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртазаның тәжірибесінен табуға болады. Ол – оқушымен трендтегі видеолар түсіретін, Instagram желісінде белсенді блог жүргізетін, білім мен тәрбиені ұлттық құндылықтармен үйлестіре білген заманауи көшбасшы. Финляндияның білім жүйесінен шабыт алып, мектеп басшылығында еркіндік пен сенімге негізделген жаңа тәсілдерді енгізіп келеді. Ақмоншақ Нұртаза үшін мұғалім де, директор да – оқушығажақын, қоғаммен үндес, үнемі жаңарып отыратын тұлға болуы тиіс. Бұл сұхбатта: Директор мен оқушының арасында шекара болу керек пе? Әлеуметтік желідегі белсенділік – тәрбиеге кедергі ме, әлде құрал ма? Ұжым қалай қабылдады? Еркіндік бар жерде тәртіп қалай сақталады? Директор болашақта жеке мектеп аша ма, әлде саясатқа кете ме? Оның көңілі неден босады? Ақмоншақ Нұртазаның тың тәсілдері мен шынайы жауаптары –«Адал адам» арнасында. Қараңыз, ой қосыңыз, пікір қалдырыңыз. Білім – бәрімізге ортақ тақырып. #АқмоншақНұртаза #МектепДиректоры #Білім #Оқуағарту #мұғалім Видеоны тайм-код арқылы көру 00:00 Тизер 02:38 Таныстыру 04:00 Танымалдылықтың әсері 06:51 Мектептегі өзгеріс пен нәтиже 09:14 Буллинг 12:48 «Сынып жетекші – балалардың екінші анасы» 15:45 «Кінә – мұғалімде немесе ата-анада» 18:37 Жаңа жобалар – жаңа деңгей 20:35 Білім сапасын көтеруді ең төте тәсілі 22:49 Жас мұғалімдерде жалын бар ма? 26:45 Қазіргі мұғалімдер жауапкершіліктің барлығын ата-анаға ысырып қоятын болған ба? 31:09 Еркіндік пен талап 34:10 «58 мектептің жанында үйлер қымбаттап кетті» 34:26 «Біздің мектепке ауысқысы келіп жатқан оқушы көп» 35:25 Жеке мектеп ашу 37:25 Жолдасы туралы 38:18 «Жолдасым 101 раушан гүлін жиі береді» 42:20 Стендапер-директор 44:33 Туған жері туралы 46:19 Әке-шешесі, ата-енесі туралы 51:48 Балалық шағы, әнге құштарлығы 54:51 «Сыр елінен шыққанымды мақтан етем» 56:34 Финляндия тәжірибесі: Білім саласына қандай өзгеріс керек? 1:02:39 Ақмоншақ Нұртаза депутат болып кетуі мүмкін бе? 1:05:40 Ақмоншақ Нұртаза директорлар мен мұғалімдерге қандай үндеу жасады? 1:11:28 Баланың шырағын жағу: «Үшпен оқитын бала үздік қылып шығаратын мұғалім – мықты мұғалім» 1:13:57 «Подписчик» еселеп артып жатыр»
Смотрите также
