Қапшағай су қоймасында 4 тонна балық тәркіленді
Қапшағай су қоймасында заңсыз балық аулау әрекеті тыйылар емес. Жыл басынан бері браконьерлерден төрт тонна балық тәркіленді. Суда қалған синтетикалық аулар экологияға қауіпті. «Таза су айдындары» акциясына қатысқына еріктілер айдыннан жүзден артық тор шығарды.