Қазағымның көк байрағы. Караоке (+)
Қазағымның көк байрағы 1.Сан ғасырлар аңсап арман еткен Бабаларым дәл осы күнді. Біз - ұрпағы жарық таңға жеткен Тербететін тал бесігіңді. Оралмасын қиын күндер өткен Жарқын шаққа жеттік асып бел. Ең керемет шақта ғұмыр кешкен Жер бетінде бар ма бізден бақытты ел? Қайырмасы: Азаттықтың еркін жолында, Аманатын елдің орындап, Қазағымның көк байрағы мәңгі Қазақтың ғана болсын қолында! 2.Болашақтан үлкен үміт күткен Біз - даланың еркін қыраны, Ертеңге жетсек егемендікпен Ол - бүгінгі ұрпақтың ұраны. Бірлігіміз бекем болып бүгін Тірлігіміз тапсын жарасым, Бейбіт күннің бұлт ұрламай нұрын Жарқырасын қазақтың кең даласы! Қайырмасы. #қазақша_караоке