G
enby!

Он жетi әйел алған Исақан ағам. Мұхтар Мағауин ‪@Khabilet‬

Соңғы жолы он төртінші, әлде он бесіншіге жетіпті. Мен сұрастырған, жөн-жобасын білетін ағайындар кейде өзара дауласып қалады. Бірі он беске толған жоқ десе, екіншілері жиырмаға тақатып қояды. Ағаң жиырма бестен беріде тоқтамайды деп қағытады мені. Екі-үш рет өзін де, жүзбе-жүз көрдім. Үлкен үйге, алыстан келген бауырына арнайы сәлемдескен. Кейінгі келісінде әңгімемен әжептәуір отырды. Кең маңдайына қосарлы әжім түсіпті, жирен шашына қылау кірген. Бірақ өңі қайтпаған. Бойы тіп-тік. Толық та, арық та емес. Бітімінде тәкаппар бекзаттық бар. Отырысы кербез, сөзі байыпты. ‪@Khabilet‬

Смотрите также