«Алаштың Ақселеуі» деректі фильмі
Әдебиет пен мәдениеттің алтын көмбесі, өнер мен руханияттың тамыршысы, жазушы, этнограф-ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына биыл 80 жыл. Осыған орай «Хабар» арнасы «Алаштың Ақселеуі» атты деректі фильм дайындады. Фильм ұлт руханияты жолында өлшеусіз қызмет еткен, өнерге, ғылымға ерекше еңбек сіңірген тұлғаның өмірі мен шығармашылығына, ұлтқа сіңірген еңбегіне арналады.