Балаға дыбыс қою #логопед
Қайырлы күн мен оқырмандарым!!! Бүгін сіздерге ң дыбысын қою әдіс-тәсілдерімен бөлісетін боламын. Ң дыбысын айтканда ерніміз дыбыстың алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбысқа байланысты өзгереді. Тісердің арасы алдыңғы жәнеартқы дыбыстың айтылуына байланысты. Тіл ұшу астыңғы тіске тимей төменде тұрады. Ал тілдің артқы бөлігі жұмсақ таңдайға жабыса орналасады. Ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ң дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, езулік, үнді, мұрын жолды, тіл арты. Мына әдісті де қолдануға болады: Ұқасас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу. АН – АҢ: ОН – ОҢ: ЫН- ЫҢ; ӨН - ӨҢ ҮН - ҮҢ