G
enby!

Жапонияда білім алып жүрген қазақ қызының жобасы байқауда озды

Жапонияда білім алып жүрген қазақ қызы стоматология факультеті студенттерінің арасында өткен байқауда жеңіске жетті. Жібек Айдын Жапония тіс дәрігерлері қауымдастығының марапатына ие болып, Күншығыс елінің атынан АҚШ-тағы халықаралық конференцияға қатысты. 21 жастағы жерлесіміз қандай жетістігі үшін марапатқа ие болды? Мынау тісті пастасыз тазалайтын щетка. Құпиясы сабына орнатылған күн батареясында. Ол тіпті люминесцентті шамның жарығында да электр қуатын өндіре алады. Тоқ фотошапшаңдатқышқа беріледі де ауыз қуысындағы тісжегіге себепші бактерияларды жоятын заттар түзіледі. Бұл жаңалықтың авторлары – Жапон университетінің профессоры Сенпуку Хиденобу мен осы оқу орнының 3-курс студенті Жібек Айдын. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также