КТК: Қазақстан жаңалықтары 19.09.2025
Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva) ОТТЫ ҚАҚПАН Шымкентте ең үлкен ойын сауық орталықтардың бірі отқа оранды. Тілсіз жаудан бірнеше адам зардап шеккен. "ҮШТІК" ҚАТАРЫНДА Жазаны ауырлатып, күресті күшейткен сайын керісінше көбейіпті! Елімізде адам саудасына қатысты қылмыстар саны артқан. САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ Артылған ақшаны толық алуға мүмкіндік! Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорынан шекті нормадан асқан жинақтарын алғанда табыс салығынан босатылады. ІШІМДІК КЕСІРІ Маңғыстауда әкімдер есірткіге елірсе, Солтүстік Қазақстан облысында арақ ішіп есірді! Рөлге мас болып отырған шенеунік абақтыдан бір-ақ шыққан. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары