КТК: Қазақстан жаңалықтары 18.08.2025
Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: / aigerimaskarkyzy_ktk ) КЕШІРІМ БЕРМЕДІ Әйеліме қырыңдағаны үшін Берденовты аттым деген сотталушы енді одан кешірім өтінді. Прокурор шенеунікті өлтіруге оқталған Жиенбайға 11 жыл жаза сұрады. АПАТТАН КЕЙІН Астана маңындағы ұшақ апатынан кейін бүкіл жекеменшік әуе техникалары кезектен тыс тексерілмек. Ал иесі мен қасында болған жолаушы әйел қаза тапқан әуе апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған. ЖАҢБЫР ТӨКТІ... Солтүстік Қазақстанда нөсер жаңбырдан кейін құрғату жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен жеке үйлер мен әлеуметтік нысандарға да зақым келген. АЛТЫН КӨРСЕ... Өзен аңғарында екі жыл бойы емін-еркін алтын өндіріп келген. Құзырлы орган өкілдері олардан 7 келі бағалы металды тәркіледі. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары