Қазақ-жоңғар соғысы – хандықты құлатқан кім?
Жазылыңыз https://www.youtube.com/@QalamQaz?sub...
—————————————————— Жоңғар хандығы жойылмағанда қазақтардың тағдыры қандай болатын еді? Өйткені қазақтар жоңғар шапқыншылығынан қатты зардап шегіп қана қойған жоқ, талай рет «ұлт болып сақталып қаламыз ба?» деген күндерді басынан кешті. Алайда «қазақ пен жоңғар үнемі жауласып, соғысып өтті» дегенге тарихшылардың айтар уәжі бар. Шындығында қатар өмір сүрген қос халықтың қарым-қатынасы тек жаугершілікпен шектеле ме? Қандай ұқсастық, нендей айырмашылық болды? Бұл сұрақтарға тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы жауап береді. Талқыланатын тақырыптар: Қазақ пен жоңғар дос болған ба? Түбі бір халықтарды дін қалай бөлді? Жоңғар шапқыншылығынан қанша қазақ қырылды? Абылай хан неге Әмірсанаға қолдау білдірді? Жоңғар және қазақ мүддесі #жоңғархандығы #қазақхандығы #жоңғаршапқыншылығы 00:00 – Тақырып не жайында? 00:52 – Қазақ пен жоңғар «ауылы аралас» өмір сүрген бе? 01:47 – Қазақ пен жоңғар үнемі соғыспаған 02:25 – Қазақтар қалмақтан қыз алған 03:23 – Екі халық күш біріктіруге тырысқан ба? 04:10 – Ойрат құрылтайы және дін 05:30 – Буддизм және қазақтар 06:02 – Тәуке ханның тәуекелі 08:10 – Қазақтардың қарымта шабуылы 09:10 – Қазақ хандығындағы берекесіздік 10:03 – Жоңғарлардың зеңбірекке қол жеткізуі 10:55 – Цин императорының Әмірсананы алдауы 12:40 – Абылай хан және Әмірсана: дос па, қас па? 14:40 – Абылайдың Әмірсананы қашырып жіберуі 16:50 – Қазақ мүддесі