Қой жайып, ара бағып жүрген экс-президенттер бар | Анығын айтсақ | 05.09.2025
Бүгінде президент болып жұмыс істеу оңай емес. Себебі әлем тынышсыз, геосаясат өте ауыр халде. Оның үстіне текетірестердің салдарынан экономикалық қатынастар да оңып тұрған жоқ. Әлем екі лагерге бөлінген. Осындай күрделі кезеңде президент болудың қаншалықты машақатты жұмыс екенін түсіне беріңіз. Бүгінгі президенттер ертең, яғни отставкаға кеткеннен кейін немен айналысады деген сұрақ әрқашан қызық әрі бұл өзекті. Отставкасын көз алдына келтіре алмайтын президенттер де көп. Олардың басым бөлігі белден басып өлгенінше биліктен ажырамауға тырысады. Ал президенттігін тоқтатуды қалыпты нәрсе ретінде қабылдап, лайықты тапсыратындар да баршылық. Отставкаға кеткеннен кейін әрқайсысы әртүрлі нәрсемен айналысады. Біреу лекция оқып, біреу кітап жазып үлкен ақы алып отырады. Көпшілігі саясатпен айналыса да бермейді, яғни өзінен кейінгі билеушіге кедергі келтірмейді. Тіпті өзінің сүйікті ісімен ғана болып кететіндер де бар. Сондай экс-президенттер жайлы білу аса қызық. Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram - / atameken.business Instagram - / inbusinesskz Facebook - / atamekentv.kz Facebook - / inbusiness.kz Tik-Tok - / atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #новостиказахстана #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости
Смотрите также
