ЕГІЗ ЖҮРЕК. Мұқағали Мақатаев пен Лашын
Жүректен шыққан асыл сөз – поэзия, тұтастай ақын жанының тебіренісі. Сондықтан да оның асқақ та адуынды, нәзік те сыршыл жырлары бірден өлең сүйер қауымның көкейінен өз орнын алды. Ол – кешегі жырдан моншақ таққан Абай, Шәкәрім, Ілияс пен Қасымдардың жалғасы. Ол – ізгілік пен ілтипатты, ғашықтық пен іңкәрлікті жырлап өткен, болмысы дара, табиғаты бөлек лирик, рухты ақын - Мұқағали Мақатаев!