G
enby!

Қамыр жаюдың қыр-сыры

Қамыр илеу мен оны жұқа әрі дөп-дөңгелек, теп-тегіс болып жаюдың өзіндік ережелері бар екенін білесіз бе? Алдымен қамырды дұрыс илей білу керек. Дұрыс иленген қамыр-иі қанған қамыр деген сөз.⠀ ⠀ Тұрмыс құрғаныма Алла бұйыртса 7 жыл болады. Осы 7 жылда нан жаюдан біраз опыт алдым десе де болады😊 Сол жинаған тәжірибеммен сіздермен осы видеода бөліспекпін.⠀ ⠀ Көпшілігі "соны да әңгіме деп айтып тұр ма?" деп ойлауым мүмкін. Бірақ жас келіндер мен кейбір қыз-келіншектерге пайдасы тиеді деп ойлаймын.⠀ ⠀ Қамыр илеу үшін:⠀ ☆ 1 жұмыртқа⠀ ☆ шым-шым тұз⠀ ☆ 250 мл су⠀ ☆ 500 гр ұн⠀ ⠀ Егер көлемін көбейткіңіз келсе, судың көлемі ұннан екі есе аз болады. Мысалы: 300 мл суға 600 гр ұн, 400 мл суға 800 гр ұн дегендей.⠀ ⠀ Су міндетті түрде салқын болу керек. Сол кезде қамыр қатты болып шығады.⠀ ⠀ Қамырды қолымызбен қатты басып 5-10 минуттай илейміз. Бетін жауып 15 минуттай тындырып қоямыз. Сосын қайтадан қолымызбен қатты басып отырып илейміз. Тағы бір 15 минутқа тындырып қоямыз. Иі қанған қамыр теп-тегіс, ортасын кескенде беті біркелкі болуы керек. ⠀ ⠀ Кішкене бөліктерге бөліп, ұзын оқтаумен жұқа етіп жаямыз.⠀ ⠀ ⠀

Смотрите также