G
enby!

Атырауда ассенизатор көліктерінің елуге жуық жүргізушісі жиналды

Атырауда ассенизатор көліктерінің елуге жуық жүргізушісі жиналды. Олар шенеуніктерден жеке сектордағы үйлерден шығарылатын лас су мен қала ішіндегі кәріз суын төгетін жаңа орын беруді сұрайды. Өйткені, күн сайын нәжіс суы мен түрлі қалдықтарды қаладан алыс жерге тасымалдау қиындық тудырып жатыр дейді. Жиналғандардың айтуынша, дизель бағасы қымбаттағалы жол шығындары ақталмай жатыр. Сондықтан, егер әкімдіктегілер бұл мәселеге назар аудармаса қызмет құнымызды көтеруге мәжбүр боламыз деп отыр. Алайда жергілікті билік жүргізушілердің бұл талабы орынсыз дейді. Жиналған елуге жуық ассенизатор көліктерінің жүргізушілері жергілікті биліктен қалдық суды төгетін жаңа орын беруді сұрайды. Айтуларынша, тонналаған қалдық суды күнделікті қаладан 10-15 шақырым жерге тасу олар үшін тиімсіз. Әрі дизель бағасы қымбаттағаннан бері алыс жолға шығып шығынға баттық дейді. Баға өскен соң амалсыз бір вакуум судың құнын 15 мың теңгеге дейін өсірдік, әйтпесе еш пайда көре алмаймыз деп отыр. РҮСТЕМ ҚУАНОВ, көлік жүргізушісі: — Біз де семья асырап отырмыз. Осы кәсіптен басқа бізде кәсіп жоқ басқа. Соған қарап отырмыз бәріміз. Кредит бар бәрінде. Екінші нүкте ашып берсін бізге. Сосын біз де бағамызды түсіреміз. Қазір жүргізушілер қалдық суды Сарыөзек ауылының сыртындағы арнайы орынға төгіп жүр. Ал қаланың сол жақ бөлігінде лас суды құюға арналған арнайы станция бар. Бірақ онда тек танысы барлар ғана кіре алады дейді. Сондықтан жүргізушілер егер жауаптылар жаңа орын ашып бере алмаса, нәжіс суы мен қалдықтарды сол станцияға төгуге рұқсат етсін дейді. САЛАУАТ КӨЛБАЕВ, көлік жүргізушісі: — Өздерінің жоғарыда отырған таныстары, ағайындары, я болмаса тағы бірдеңесінің көліктерін кіргізіп қойған. Олар да кәріз суын әкеліп төгіп жатыр. Біздер барсақ ол жерде биобактерия бар, оған сендер май әкеліп төгесіңдер дейді. Химикат төгесіңдер дейді. Ал жүргізушілердің жанайқайын тыңдауға келген «Атырау су арнасының» өкілдері жаңа станцияға өздерінің көліктері де лас су төге алмайтынын айтады. Тек қалада апатты жағдай болғанда ғана рұқсат етіледі екен. Облыстық әкімдіктегілер де жүргізушілердің талабы орынсыз деді. Әрі жаңа станцияға кәріз суын төгуге рұқсат етілмейді кесіп айтты. Себебі, жобада қарастырылмаған. СЕРІКҚАЛИ ҚАНАПИН, Атырау облыстық энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары: —Тиісті мамандармен жиналып, бір шешімге келетін болармыз. Өйткені, қосымша жоба істеп, қосымша қондырғылар қою керек болады. Тұнба керек болады, резервтік резеруарлар керек болады. Өйткені, коммуналдық емес басқа қоспалары бар су кетіп қалған жағдай болып жатса резервный камера болу керек. Басқа жаққа жіберетін. Қазір облыс орталығында 85 кәріздік сорғы станциясы бар. Бірақ олардың көбінің тозығы жеткен. Және экологиялық заңдылыққа сәйкес оларға лас су төгуге мүлде тыйым салынған. . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 Наши сайты: www.31.kz и www.informburo.kz Наш WhatsApp +7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Смотрите также