G
enby!

БЕКБОЛАТ ҚАЗАҚСТАНДА НЕ ІСТЕП ЖҮР? ЕНПФТЕГІ АҚШАНЫ ЕНДІ НЕСТЕЙДІ? ШОУ БИЗНЕС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

Бүгінгі шығарылымда: Астанада бизнес нысандардың өрті толастар емес. Биылдың өзінде Астана қаласында ірі 5 алапат өрт болды. Кәсіпкерлер млндаған шығынға батты. Бизнес нысандардың бірінен кейін бірі өртенуі сәйкестік пе? Карима кафесінің үстіндегі тұрғындардың өмірін сақтап қалған ержүрек жігіт кім? Зейнетақы шотыңыздағы артық қаражатты шешуге тыйым салынды. Халықтың кәрілікке деп жиған қаражатын өздеріне емес, қолдануға тыйым салу дұрыс па? ЕНПФ ақша барма өзі? Биліктегілердің зейнетақы шотына қатысты ойы неге екіге бөлінді? Шоу бизнестегі жаңалықтардан да хабардар болыңыздар. Дәстүрлі әнші ретінде танылып, кейін депутат болып елді аузына қаратқан Бекболат Тілеухан тағы желіде жылт етті. Түркияда қоныс тепкен Бекболат бұл жолы елге жаңа тоқалып ала келіпті. Ел неге Бекболаттың бұл әрекетін сынап жатыр? Жанар Айжанованың қызы Айжұлдызға қатысты да әңгіме өрбіді. Желіде өзінің күйеуін көрсетіп, отбасылық өмірін үлгі етіп жүрген актриса қыздың әрекетін жұрт ерсі деп тапты. Желіге жүктеген видеосында күйеуі Айжұлдыздың аяғын уқалап, сүйген. Желі белсенділері жас жұбайлардың бұл әрекетіне қатысты сыни пікірлерін жазып жатыр. Ел не демейді жобасында осы және өзге де елді елең еткізген жайттар жайлы сөз етіледі. Бұл шығарылымда зейнетақы шотына қатысты, жалпы елдегі ақпараттарға қатысты қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамыз. Демалыстарыңыз сәтті өтсін.

Смотрите также