G
enby!

Енді сауда орындары «Қазақстанда жасалған» маңдайшаларын орнатуға міндеттеледі

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Енді сауда орталықтарында сатылатын азық-түліктің басым бөлігі отандық өнім болады. Яғни, кәсіпкерлер сөресінің кем дегенде 50 пайызын Қазақстанда шығарылған ас-ауқатқа, 20 пайызын тұрмыстық химия, киім-кешек секілді тауарларға бөлуге тиіс. Осылайша, Үкімет қайта өңделген өнімді шығару көлемін ұлғайтуды көздейді. Әрі, сауда орындары «Қазақстанда жасалған» маңдайшаларын орнатуға міндеттелмек. Үкімет ірі сауда орталықтарын қатаң бақылауға алатын сияқты. Себебі, кәсіпкерлерге нақты талап қойылғалы отыр. Яғни, енді сауда нүктелеріндегі сөрелердің кемі 30 пайызы азық-түлік шығаратын отандық тауар өндірушілерге беріледі. Ал, мемлекет субсидиялайтын дүкендер 50 пайызын ұсынуы қажет. Азық-түлік емес тауарларға тағы 20 пайызын бөлу жоспарланып отыр. Бұл отандық өндірушілерді қажетті шикізатпен қамтып, ішкі нарықтағы тауар тапшылығының алдын алуға ықпал етеді – деді министр Жұманғарин. СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР Ұлттық Экономика Министрі: Қазақстандық тауарлардың танымал болуын арттыру үшін «Қазақстанда жасалған» деген арнайы маңдайшалардың болуы және оларды көрнекі және физикалық қолжетімді жерлерде орналастыру бойынша міндеттемелер белгіленді. Ал, сарапшы Бауыржан Ысқақов орталық өңірлер болмаса, шекаралық аймақтардағы ахуал қиындау деп отыр. Себебі, сөредегі өнімнің басым бөлігі импорттық тауар. Әрі, жергілікті халық қажетті затын іргелес жатқан елден әкеле салуға әдеттенген. Сол үшін мониторинг жүргізіп қана қоймай, сауда орталықтарын есеп беруге міндеттеу қажет деп санайды. Яғни, қай өңірден, қандай кәсіпкерден қанша өнім алғаны жайлы ашық жариялауы шарт. БАУЫРЖАН ЫСҚАҚОВ, экономист: Бізде шекаралық аймақтар бар. Мысалы Ресеймен шекаралас аймақтар. Ол жерде отандық, Қазақстанда шығарылған азық-түліктердің үлесі 50 пайызға жетпейді. Ол жақтағы азаматтар Ресейдің шекарасы арқылы өтіп, тауар алып қайтатын мысалдар өте көп кездеседі. Ол Петропавл, Қостанай өңірлері ғана емес. Шығыс Қазақстан облысында, Батыста да шекаралас аймақтар бар. Сол жерлерде көрсеткіш одан да төмен. Сондай-ақ, шенеуніктер көптеген шағын өндіріс ошақтарын құру арқылы инфляциямен күресуді көздеп отыр. Пайымдарынша, отандық тауар көлемі артып, шикізат ағыны шектелсе, инфляция да төмендейді. Демек, экономикалық өсімді дәл осы қарқында сақтап қалу маңызды. Алайда, басты мақсат инфляцияны түбі бір 5-6 пайызға дейін түсіру, - дейді ұлттық экономика министрі. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также