25 қазан – Республика күні | БЕЙНЕРОЛИК
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді. Ескерту: бейнематериалға ғаламтор бетіндегі сайттардан мәліметтер алынды. Мұғалім: Марат ҚАНИ Insta: @maratqaniy Құрметті әріптес, жас шәкірт! Мен сіз үшін еңбектеніп, осы бейнесабақты дайындадым. Маған алғысыңызды лүпіл басып, пікір қалдырып, арнаға жазылып білдірсеңіз болады. Алдын ала рақмет. Пайдаңызға жарасын!
 
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            