Ғабит Сыздықбеков: «Коммуналдық төлемдер тарифі де көтеріледі»
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңір басшысының халықпен кезекті кездесуі басталды. Бұл жолы Ғабит Сыздықбеков, Абай ауданының тұрғындарымен жүздесіп, түйткілді мәселелерін тыңдады. Мәселен, Жиделі шағын ауданының тұрғындары қоғамдық көлік, инфрақұрылым, әлеуметтік проблемалары шаш етектен екенін жеткізді. Олардың айтуынша, автобус аялдамаларының арасы тым ұзақ. Зейнеткерлер мен оқушылар шақырым жолды жүруге мәжбүр екен. Қала берді тұрғындар мемлекеттік көгілдір газға қол жеткізе алмай отыр. Сонымен қатар, халық медпунк салып беруді сұрады. Ал бұдан бөлек, үйлерінің құжаттарын реттей алмай жүрген тұрғындар да табылды. Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін / Мнение редакции может не совпадать с мнением автора. Басқа жаңалықтар: https://kz.otyrar.kz
Еще новости: https://otyrar.kz