Сәдір ата кесенесінің ашылуы / Ойыл өңіріндегі тарихи тұлғаға тағзым
18-ғасырдың соңғы ширегінде дүние есігін ашып, еліне әділ басшы, жеріне айбынды қорған болған Сәдір батырға арналып, кең дала төсінде еңселі кесене бой көтерді. Әсем монумент дала көркін айшықтап, ұрпаққа өнеге боларлық тарихи орынға айналды. Сәдір баба ұрпақтарына Ойыл халқы ризашылығын білдіреді! Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы. 30-тамыз, 2025 жыл.