Тоқал алу - ақша ұрлаудың бір жолы! | ELDAUYSY
Ескі Қазақстанда сәнге айналып, кеңінен белең алған тоқал алу үрдісі әлі күнге дейін мемлекеттің ақшасына зиянын тигізіп келеді. Кеше ғана сот үкімімен 11 жылға сотталған Алматы қаласының бас архитекторы Алмасхан Ахмеджановтың ісінде де Назарбаевтың тоқалы Әсел ҚҰрманбаеваның аты аталды. Яғни оның сіңілісінің күйеуі Дастан Жантелеевтің жер телімін сотталушылар өз бағасынан 94 млнға қымбатқа бағалаған. Бұл дегеніміз мемлекет ақшасы тоқалдардың тікелей және жанама қатысуымен жеке тұлғалардың қалтасына кетіп отыр деген сөз. Бұл Ескі Қазақстан өкілдерінің тоқалдарының есепшотына аударылған миллиардтардың қасында майда-шүйде болып қалады. Оған қарап, Ескі Қазақстан өкілдері тоқалдарды махаббат мәселесі ғана емес, саяси және қаржылық мақсатта қолданған ба деген ой келеді. Сондықтан бүгін біз бірнеше кейстерді таңдап, бір емес, екі-үш тоқал алып, олардың мемлекетке, яғни халықтың ақшасына келтірген зиянын таразылап көрсетуге тырысамыз. @Eldauysy арнасына хабарласыңыз: WhatsApp +7 705 640 45 66 https://eldauysy.kz
(21.02.2025) #елдауысы, #елмедиа, #саясат, #болатназарбаев, #нурсултанназарбаев, #тимуркулибаев, #гогаашкенази, #асель, #алексей, #экономика, #елгеқайтару, #топ, #врек, #рек, #кайратсатыбалды, #кайратшарипбаев, #коррупция, #история, #дариганазарбаева, #динаракулибаева, #ұрлық, #тоқал, #битватокалок, #қазақстан, #қазақстанжаңалықтары, #токаев #штрафстан #алматы #жаңалықтар #қазақстанжаңалықтары #рекомендации #новости #бахытсыздыкова