Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жықты
Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жықты. Оқиға Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында болған. Аудандық мәслихат депутаты Яссауи Мүслім ауылдасы Мұстафа Әлжановты жұрттың көзінше сабапты. Кикілжіңге кәсіпкердің малы себеп болған. Яғни, 150 бас ірі қараны ауыл ішіндегі қораға әкелгеніне тұрғындар наразылық танытқан. Бұл іске халық қалаулысы араласып, арты төбелеске ұласқан. Оңбай таяқ кәсіпкер оншақты күн ауруханаға жатып шығып, полицияға арыз түсіріпті. Алайда, депутат ешкімді ұрғам жоқ деп ат тонын ала қашып отыр. https://www.ktk.kz/kz/news/video/2023...
▶▶▶ Арнаға жазылыңыз: / @newsktk ▶▶▶ YouTube арнасы Проекты КТК: / @ktktvchannel КТК әлеуметтік желілерде: Facebook ► https://www.facebook.com/kazKTK/?fref=ts
Instagram ► / ktktvkz Вконтакте ► https://vk.com/ktknewskaz
Twitter ► / ktknewskaz YouTube КТК жаңалықтарының ресми арнасы Жаңалықтардың толық нұсқасын сайттан қараңыз https://www.ktk.kz/kz/news/