Әбиірбек Тінәлиевпен #МӘДЕНИЕТТІСҰХБАТ
Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев - (22.4.1957 жылы туған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылы) - әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Өнер жолын Талас ауданы мәдениет үйінде қызмет етуден бастады. 1977 жылы Жамбыл (казіргі Тараз) мәдени ағарту училищесін бітірген. 1978 - 90 жылы Жамбыл облысы қазақ драма театрында актер, 1990 - 2001 жылы Алматыдағы саз аспаптар мұражайында ғылыми қызметкер, 2001 жылдан Алматы облысы Қазақ драма театрында музыкалық бөлімінің жетекшісі. Оның "Анамның тілі", "Фариза", "Толғанай", "Желтоқсан желі", "Әттең-ай", "Ұрпақ күні", "Сәлемдеме", "Мұнар", "Гүлнарым" сияқты әндері халыққа кеңінен танымал. 1998 жылы Т.Айтбайұлының "Ән әлемінің Әбиірбегі" атты сұхбат кітабы жарық көрді. "Желтоқсан желі" атты ән жинағын шығарған. Қазақстан Жастар одағы сыйлық иегері!
Смотрите также
