ЕУРОПАҒА ҒЫЛЫМ ҮЙРЕТКЕН ҒАЛЫМДАР | АЛГЕБРАНЫҢ АТАСЫ
Алгоритм сөзі қайдан шыққан? Алгебраның атасы кім? Орта ғасырдағы даналық үйі несімен есте қалды? Араб тілінде «Байт-ул Хикма», яғни Даналық үйі, бұл шамамен 820 жылы қаланған ислам академиясы немесе қазіргі тілмен ғылыми-зерттеу орталығы деп те айтуға болады. Халиф алыс-жақын өлкелерден ең үздік ғалымдарды жинап, оларға өз сарайында ғылыми жұмыстармен айналысуға толықтай жағдай жасады.