G
enby!

ФИНАЛ: Аргентина – Франция. Месси ОСЫ жолы қателеспеуге тиіс. Мбаппе Мессиден оза ма? #55

Бұл – Соққы және гол! #55. Қонақта Мади Ерланұлы SOQQY - промокоды арқылы бонусқа ие болыңыз Телеграмда күнде жаңалықтар шығып тұрады: https://t.me/soqqyjanegoal
Бізді іздесеңіздер:   / alimjanasqar   https://vk.com/beksultan000
   / tarazfifa   Әлімжан Асқар, Бексұлтан Кеулімқосов және Мади Ерланұлы 14 желтоқсанда Катарда әлем чемпионатының екінші жартылай финал ойыны өтті. Франция құрамасы Марокконы жеңді (2:0). Оңтүстік Америка құрамасы мен оның басты жұлдызы Лионель Месси турнирді сәтсіз бастады, топтық кезеңдегі бірінші ойында Сауд Арабиясына сенсациялы түрде ұтылды (1:2). Алайда, кейін Лионель Скалони ойыншылары 2:0 есебімен екі бірдей жеңіске жетіп (Мексика мен Польша құрамалары жеңілді) бірінші орынмен 1/8 финалға шықты. Плей-офф кезеңінің бірінші кезеңінде Аргентина құрамасы Аустралияны 2:1 есебімен ұтты, ширек финалда драмалық матчта Нидерланды құрамасын 2:2 (4:3 пен.), ал финалға шығар ойында Хорватияны ұтты. Месси алты ойында бес гол соқты. Әлем чемпиондары турнирді Аустралия құрамасын 4:1 есебімен жеңуден бастаса, топтық кезеңнің 2-турында Данияны жеңіп (2:1) мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне өтті. Тунистен ұтылғанымен (0:1) француздар топтағы екінші орынға түспеді. 1/8 финалда Франция Польша құрамасын сенімді түрде ұтты – 3:1, ширек финалда қиын кездесуде Англияны ұтты – 2:1, ал жартылай финалда марокколықтардан басым түсті – 2:0. Килиан Мбаппе де Месси сияқты бес гол соқты, Оливье Жиру еншісінде 4 гол бар. 3-орын және финал ойындары Астана уақытымен: 17 желтоқсан. 21:00. Хорватия - Марокко. 18 желтоқсан. 21:00. Аргентина - Франция.

Смотрите также