«ҚИЫНДЫ АНИМАЦИЯ ӘДІСІНДЕ МУЛЬТФИЛЬМ ЖАСАУ»
«ҚИЫНДЫ АНИМАЦИЯ ӘДІСІНДЕ МУЛЬТФИЛЬМ ЖАСАУ» Георгий Богуславскийдің шеберлік дәрісі 6 қазан → 11 қазан 11:00 – 17:00 14+ ШЕБЕРЛІК ДӘРІСТІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ: 1-күн: Танысу және жобаны бастау Бірінші күні қатысушылар бір-бірімен және Георгиймен танысады. Ол шабыт беру үшін қиынды анимация әдісінде жасалған жұмыстардан мысалдар көрсетеді. Үзілістен кейін жоба идеяларын талқылау бойынша брейнсторминг өтеді. Сценарий әзірлеуді бастау. 2-күн: Сценарий және раскадровка Екінші күні қатысушылар сценарийді аяқтауы тиіс: идеяларды жетілдіреді, концепцияны бекітеді. Болашақ фильмнің құрылымын визуалдау үшін кадрлерін салады. 3-күн: Кейіпкерлер және анимация тесттері Үшінші күні қатысушылар кейіпкерлердің дизайнын аяқтайды. Қозғалыс пен стильді тексеру үшін алғашқы анимация сынақтарын жасайды. Георгий қатысушыларды стоп-моушн анимациясын басқаруға арналған Dragonframe бағдарламасымен таныстырады. 4 және 5-күн: Түсірілім күндері Төртінші және бесінші күндер анимация түсірудің қарқынды жұмысымен өтеді. Қатысушылар қиынды анимация әдісін және Dragonframe бағдарламасын пайдаланып кадрлар жасайды, салған кадрлерін тірілтеді. 6-күн: Аяқтау және дыбыстау Анимациялық жобаны жинақтау: кадрларды монтаждау, соңғы өңдеу. Жұмысты аяқтау үшін дыбыстық сүйемелдеу мен дыбыс қосу. Көп тәжірибе бола ма? Иә! Бәрі – Георгийдің қадағалауымен өтеді. #qazaqanimasia #qazaqmultfılm #qazaqfilm #cartoon #film #мультфильм #казахфильм #анимация Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы АҚ