G
enby!

Ақ Сарбазбен сұхбат(аудио). Ресей сақталу үшін 1991 жылғыдай Ақ армия көтерілуі керек.

Ақ Сарбаз: Мендегі жетінші центрдің ашылғаны, ол үлкен құдырет пен күш әкеледі. Бірақ маған бұл дүниеден босануға да рұқсат болады. Вивекананда да сөйтіп кетті ғой. Жетінші центрін ашып кетіп қалды бұл дүниеден. Оның ауруы қиын болды. Менің қазіргі денсаулығым онша жаман емес. Ендеше жетінші центрдің ашылғаны, ол – мүмкіншілік. Жаңа өркениетке көмектесу мүмкіншілігі. Жаңа өркениет осы планетада пайда болуы үшін, оның өз жері болуы керек. Оған қазір барлық мүмкіншілік бар. Егер Ресей империясы ыдырап кетсе... Ол кетеді сөзсіз. Бірінші рет 1917 жылы кетті империя. 1991 жылы Кеңес империясы кетті. Ендігі кезек федерацияда. Оның барлық халықтары бостандықты аңсап жүр. Якуттар, башқұрттар, кавказдықтар, карелдер, мордвалар бәрі де Ресейден шығуға дайын. Себебі терек шіріді. Шіріген теректі құлату керек. Сонда үлкен-үлкен жерлер босайды. 1996 жылы менің өз қолыммен сызған картам болатын. КГБ-ның адамдары алып кетті. Сол сызбамның ішіне барлық Якутия, Саха, Монголия кірді. Монголиядан былай сыза келіп Батыс Сібір жақтағы біздің наймандар тұратын Алтайды да жаңа өркениетке кіргіздім. Бірақ бұрылыс жасап анау Үрімшіні Қытайға қалдырып кеттім. Сонда карта бетінде тыртық қалды. Менен қасымдағылар себебін сұрағанда: – Бұларды ешқашан да жеңе алмаймыз – дедім. Бұлар қазақтың нағыз жаулары. Қытайдың қол астында қала берсін. Бізге олардың жерінің бір тиынға керегі жоқ. Менің сол сызған картам қазіргі күні комитетте жатқан шығар. Сонда қазақтың жаңа өркениеті жерінің көлемі кемінде 15-17 млн шаршы шақырым. Ол анау Латын Америкасының континентімен бірдей. Жаңа өркениеттің өз жерінің өлшемі бір континенттей болуы керек. Сонда ғана көшпенді өмір сүріп, жаңа өркениетті дамытуға шамамыз болады. Шәкірт: Сонда, адамзаттың мейірбандық жолымен дамуына Сіз көмектесе аласыз ғой? Ақ Сарбаз: Иә. Мейірбандықпен, келіссөзбен орыстарды көндіру керек. 1988-90 жылдарда қазаққа нағыз үлкен көмекті көрсеткен, қазақты босатқан – орыстар еді. Сол орыстардың демократтары А.Н.Яковлев, Г.Э.Бурбулис, С.Б.Станкевич, Мәскеудің мэрі Г.Х.Попов, В.И.Новодворская... бәрі-бәрі менің қалауыммен жұмыс жасады. Соның ішінде орыстың ақ офицерлерінің сезімі оянып, бір мезгілде Кеңестік жүйенің тас-талқанын шығарды. 1993 жылы қазанда қайтадан төңкеріс болды ғой. Сонда да қарсы шыққан орыстың сезімі биік офицерлері болды. Қазір де ондай адамдар бар. Менің барлық үмітім сол орыстардың қазіргі демократтарында. Путин әбден басып-жаншып олардың бәрін қылмыскер қылып жіберді. Бірақ Ресейде аз да болса еті тірі жандар бар әлі. Олар көтерілуі керек. Ақ армияны көтеруі керек. Ақ армия Путиннің жандайшаптарының бәрінің тас-талқанын шығарады. Қантөгіссіз. Сөйтіп олар Англия сияқты барлық колонияға бостандық береді. Федерацияға кіретін орыстың бірлестігі болатын болса, жарайды кіре берсін. Бірақ бұл дүниеде Алтыншы Сатының өз қонысы болуы керек. Әйтпесе апат болады да, бәрі құриды. Алтыншы Сатыға қоныс беруді қаламаған мемлекеттер елінен де, жерінен де, билігінен де, бәрінен айырылады. Қазіргі болып жатқан оқиға – менің денемдегі жетінші центрдің ашылғаны – Ғарыш Құрылысшысына ұлы өзгерістерді жасайтын үлкен-үлкен күш береді. Сол күшті мен ақырындап қолданып, ментал дүниесі арқылы өз жоспарымды адамзаттың сезіміне енгізіп жатырмын. Қазіргі жалғыз үміт орыстардың демократтары мен генералдарында. Ақ офицерлер көтеріліп 1991 жылғы секілді Путин империясының тас-талқанын шығаруы керек. Онда Ресей құрымайды. Ресейдің кемесі Эволюция ағымына қосылады. Бұлай болмаса бұрынғы талай-талай құрыған империялардың аяғын құшады. Оны тіпті ешкім есіне де алмайтын болады. Міне менің осындай жақсы жаңалығым бар. 🔸🔸🔸🔸🔸 Сұхбаттың толық нұсқасы біздің телеграм каналда⬇️ https://t.me/zhenitaipak
Инстаграм парақшамыз⬇️ https://www.instagram.com/aksarbaz_?i...
#ақсарбаз #ақсарбазбенсұхбат #ресей #армия

Смотрите также