Қызылорда облысында 470 мың тонна күріш жиналды
Қызылорда облысында егін жинау науқаны аяқталды. Өңірдің басты дақылы – күріштің әр гектарынан 58 центнерден астам өнім жиналды. Биыл аймақта су тапшылығы қатты сезілді. Жалағаш ауданының диқандары коллектордағы суды қайта пайдаланып, егінді сақтап қалды. 26 жастағы Рамазан Тойқожа 9 жылдан бері Темірбек Жүргенов ауылындағы шаруашылықта тер төгіп келеді. Ол еңбек жолын дәнекерлеуші болып бастаған. Ал бүгінгі күні заманауи күріш өңдеу заутының жетекшісі. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24