ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ФАМИЛИЯНЫ (ТЕГІҢІЗДІ) ӨЗГЕРТУГЕ БОЛАДЫ?
Бұл үшін заңда негіздердің тізімі бар. Мысалы, Фамилияны ауыстыру мынадай дәлелді себептер: 1) фамилияның оғаш естiлуi; 2) жұбайымен ортақ фамилияда болғысы келген жұбайдың тілегі; 3) өтініш берушінің іс жүзінде тәрбиелеген адамның фамилиясын алғысы келуі; 4) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін фамилияны алғысы келуі және т.б заңда көрсетілген жағдайларда жүргізіледі. Қайда жүгінеміз? Бірінші жолы: Фамилиянды ауыстыру үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша ЦОН арқылы немесе тікелей - тіркеуші органға (яғни бұрынғы ЗАГС-ке) беруге болады. Екінші жолы: фамилияны ауыстыру e-gov порталы арқылы мүмкін болады. Ол үшін egov.kz сайтына кіресіз. Одан кейін "азаматтарға" — "отбасы" — "Отбасы жағдайы" — "фамилиясын ауыстыруды тіркеуге электрондық өтініш беру" бөліміне көшесіз. Кейін өтінішке қол қою керек, ол үшін сізге ЭЦП қажет. Өтініш мәтінін видеоның төменгі жағынан таба аласыз. Ол үшін сіз 16 жаста болуыңыз керек. Өтініште мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс: 1) өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі; 2) таңдалған фамилиясы; 3) фамилия ауыстыру себептері көрсетіледі. Сонымен, қандай құжаттар қажет: 1) фамилиянды ауыстыру туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат; 3) өлшемі 3*4 см екі фотосурет; 4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; 5) қажет болған жағдайда адамның фамилиясын ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын басқа да қосымша құжаттар талап етіледі. Мемлекеттік баж және оны қалай төлейміз? Егер тек фамилиянды ауыстырғын келсе, 2 АЕК төлейсіз. Егер фамилиянды ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК төлейсіз. Өтініш беруіңізге байланысты мемлекеттік бажды төлеудің де жолы әр түрлі. Мысалы, ЦОН арқылы немесе тікелей ЗАГС-ке өтініш бергенде, ЦОН немесе ЗАГС қызметкерлері сізге арнайы реквизит береді. Мұнда ақшаны аударуға қатысты барлық ақпарат жазылады, сол арқылы банкке барып төлеуіңізге болады. Екінші жолы, егер e-gov порталы арқылы өтініш жасасаңыз, «электрондық өтініш беру» бөліміне көшкеннен кейін, баж төлеу батырмасын басасыз. Сол арқылы банк картаңыз болса, автоматты түрде «келесі» батырмаларын басу арқылы оңай төлей аласыз. Өтініш қанша уақытта қаралады? Өтінішті және қосымша құжаттарды қабылдағаннан кейін фамилияны ауыстыруға өтініш 30 күнтізбелік күн ішінде қаралатын болады, содан кейін сіз фамилиянызды ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті аласыз немесе бас тартылды жауабын аласыз. Себепсіз бас тартқан жағдайда, сіздің сотқа жүгінуге құқығыңыз бар. Фамилия өзгерткеннен кейін басқа құжаттарды өзгерту қажет пе? Фамилиянызды өзгерткеніңіз үшін жеке куәліктен басқа келесі құжаттарды өзгерту қажет: 1 паспорт; 2 мекенжай деректері (жеке куәлікпен бір мезгілде өзгереді); 3 жүргізуші куәлігі; 4 зейнетақы шарты. Сертификат немесе диплом сияқты басқа құжаттарды өзгерту қажет емес, қажет болған жағдайда фамилияны өзгерту туралы куәлікпен бірге ұсынылады. Заявление https://docs.google.com/document/d/1z...