G
enby!

ШАЛҚЫМАЛЫ. Сөзі мен сазы: Талғат Атшыбаев. Орындаған: Ақсұлу Құдабаева. Әннің мәтіні осында

ШАЛҚЫМАЛЫ Сөзі мен сазы: Атшыбаев Талғат Әскербайұлы 1. Жабырқап жүрген жанымды, Жап-жарық етті бір арай. Әуенім жаңа, әуенім жаңа табылды, Әніме менің, әніме менің, әніме менің құралай. 2. Жүрегім солай салды әнге, Сазымды өзің кел жалға. Сағыныш болсам, сағыныш болсам, арман не Сағына-тұғын, сағына-тұғын, сағына-тұғын сен барда. 3. Кәусар күй кештім мен бөлек, Тұнады сырға күн мен ай. Көрінбей жүріп, Көрінбей жүріп, сен кенет, Кездесе кеттің, кездесе кеттің, кездесе кеттің бұл қалай? 4. Ілесіп аппақ арманға, Ақерке - әнім сыңсиды. Дәл мендей сені, дәл мендей сені жалғанда, Дариға-ай, сірә, дариға-ай, сірә, дариға-ай сірә кім сүйді? 5. Өзіңді, жаным, сағындым, Өзгеден келмей бақ тапқым. Осы бір менің, осы бір менің әнімнің, Сәні де сенсің, сәні де сенсің, сәні де сенсің тәп-тәттім. Сағыныш Сөзі мен сазы: Атшыбаев Талғат Әскербайұлы 1. Шаттықпен көркем бұл әлем, Өмірдің солай өрнегі. Бір өзің жайлы мына мен, Басамын сұлу пернені. Кеудемді ашып кең сарай, Сырласқан жоқпын ешкіммен. Ақжайық, Ойыл, Жем солай, Күнбағыс ғұмыр кештім мен. 2. Күннің де нұрлы шуағы, Сыр бар ма түннен бүгілген. Сезімнің сері бұлағы, Бүлкілдеп бойда жүгірген. Бақыттың бірге бал дәмін, Жүргенде егіз татып көп. Сағыныш сынды арманым. Біз деген неткен бақытты ек?! 3. Бал ерін... қанбай құмарым, Қанша рет сонда байландым? Адаспай тапқан сыңарын, Ақ жүрегіңнен айналдым! Жат көше, жат үй, жат қала, Көрмедім жылдар неше мен. Бәріне соның тек қана, Бүгінгі куә осы өлең.

Смотрите также