G
enby!

Сиыр еті қымбаттай береді! Фермерлер – қуанышты, халық – қиналыста

Бүгінгі шығарылымда: «Майын тамызып» подкасының бұл шығарылымында ауыл шаруашылығының ең өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары, танымал жылқышы Жәнібек Кенжебаев ауылдағы шаруалардың шынайы жағдайын ашық айтты. Малдың ресми саны күмән тудырады: министрліктің есебінде бірде өсіп, бірде азайып кетеді. Фермерлер етті әдейі қымбаттатып отыр ма, әлде бағаның шарықтауына жүйедегі «приписка» кінәлі ме? Кадр тапшылығы: мал дәрігерлері қартайып барады, жастар бұл салаға келмейді. Зертханалар жетіспейді. Салдарынан індеттер төрт түлікке қауіп төндіруде. Қазақ еті неге экспортталмайды? Неліктен біз шетелдің сапасыз, арзан етін тұтынамыз? Кооперативтер неге жұмыс істемейді? Жапондар жылқы етін деликатес көреді, ал қытай инвесторлары Қазақстанда шошқа фермасын ашуға ниетті. Фермерге нақты қолдау болмаса, ертең халық етсіз қалуы мүмкін. Қарап шығыңыз, ой қосыңыз. Ұнаса – лайк басып, пікір қалдыруды ұмытпаңыз.

Смотрите также