КЕНЖЕМДІ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖІБЕРГЕНІМЕ ӨКІНЕМІН. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ КЕСІРІНЕН ҚАНША АДАМ ҚАЙТЫС БОЛУЫ КЕРЕК?
24 қыркүйек Астана қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде оқыс оқиға болды деген хабар түсті. Мұнаралы кран еден плитасын тасымалдау кезінде үзіліп кетіп, астында жүрген жұмысшылар қашып үлгерген. Алайда Ерасыл Мүбәрәк есімді азамат плитаның астында қалып қойып қайтыс болды. Қайғылы оқиға болған құрылыс нысанына бізде барып қайттық. Қаза болса да, құрылыс әлі жалғасып жатыр. Ең сорақысы қауіпсіздік ережесін сақтамаған құрылыс компаниясы кінәларын мойындамай отыр. Қапыда кенжесінен айырылып қалған Ерасылдың ата-анасы қайғы қабырғамызды қайыстырды дейді. Аталған құрылыстағы бұл алғашқы жайт емес, бұған дейін де қауіпті жайттар болған деседі. Ерасылдың анасы әділдікті талап етеді.