Руслан Берденовке қастандық жасаған кәсіпкердің соты тың ақпараттармен толығып жатыр
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған кәсіпкердің соты тың ақпараттармен толығып жатыр. Бүгін шенеуніктің қанға боялған киімі мен денесінен ота арқылы алынған оқтар көрсетілді. Және істі жүргізген тергеуші мен айыпталушы Ернар Жиембайдың досынан жауап алынды. Ал сотталушының адвокаттары қылмыстық іс жүргізу барысында қателіктер кеткен деп отыр. Информбюро ұжымы қалт жібермей қатысып жүрген сот бүгін қалай өтті? Әріптестерім айтсын. Бүгін сотта Руслан Берденовке оқ атылған сәттегі күзетшілердің әрекеті көрсетілді. Қарауыл қызметі бірден ғимараттың жарығын өшіріп, полицияға хабар берген. Осы кезде әкімдікте болған мамандар да жедел төменге қабатқа түсіпті. Және бүгінгі сотта құзырлы орган қызметкерлерінің қылмыс болған жердегі жұмысы да жарияланды. Ал айыпталушы тарап іс біржақты жазылған деп отыр. ЖИЕМБАЙ ПРАЛИЕВ, сотталушының қоғамдық қорғаушысы: Қылмыстық іс жүргізілу барысында қателіктер, біржақты жазу деп санаймын. Одан кейін айтып жатқан 3 бытыра. 21 күні түседі ауруханаға. 22 күні аға тергеуші хаттамамен 3 бытыраны алады. Киімдерді алады. Сөйтеді де көйлек, аяқ киім, туфли бәрін өткізеді сараптамаға. Бытыраны өткізбей қояды. Бұдан бөлек айғақ ретінде алынған Берденовтің қанға боялған киімдері, атылған оқ пен ауруханада жауап алынған сәтін де көрсетті. Медициналық сараптаманы оқыған судья оқ ату кезінде Жиембайдың аффект жағдайында болмағанын айтты. Және Берденовтің денесінде қанша бытыра қалғаны да белгісіз деді. ӘБИНҰР ҚАРАБАЕВ, шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: Бірінші және екінші жарылыс арасында 2:58 секунд өтеді. Екінші және үшінші жарылыс арасында 76 секунд. Үшінші және төртінші 0:64 секунд, 4-5 0:68 секунд. Бүгін өткен сот отырысында істі жүргізген тергеуші мен әкімдікте жұмыс істейтін Ернар Жиембайдың досынан да жауап алынды. Және қаланың құрылыс басқармасының басшысы да онлайн сөйледі. Айтуынша оқиға алдында Берденов Жиембайдың жұмыстан кетуін сұраған. Бірақ нақты себебінен хабарым жоқ деді. --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық