G
enby!

СИМБА әкесінен қалған ПАТШАЛЫҚТЫ ҚҰТҚАРАДЫ | Король Лев 2019 фильм | Кино шолу

Әссәләму әлейкум достар. Бүгін біз 2019 жылы шыққан "Король Лев" деген киноға шолу жасаймыз.Бұл сериясы алдыңғы бөлімінің жалғасы болып келеді.Барлықтарыңыз бейнені аяғына дейін көріңіздер.Ондай болса кеттік... Бас кезінде бүкіл жануарларды көреміз.Аң патшасы Муфаса арыстан және қасында Сараби болады.Олардың ортасына Симба деген жаңа арыстан дүниеге келеді.Рафики болса,ол кішкентайды барлық жануарларға көрсетеді.Артынан бір кішкентай тышқанды көреміз.Өз өзімен кетіп бара жатыр еді, оны Шрам ұстап алады.Қасына Зазу келіп,не болды саған,Симбаны көрмейсің бе дейді.Бірақ Шрамның көңіл күйі мүлдем жоқ.Ол ашуланып,Зазуға атылмақ болады.Сонда Муфаса жетіп келіп,Шрамды тоқтатады.Менің ұлым сүндет тойына неге келмедің дейді.Сонда Шрам,бүгін бе еді,есімнен шығып кетіпті дейді.Дәл өзіміз сияқты.Муфаса болса,Шрамға қарап,сен ұмытпа,менің ұлым,менен кейін патша болады дейді.Шрам болса,жақсы бопты деп кетіп қалады.Арада уақыт өтіп,Симба ер жетеді.Әрдайым әкесі Муфасамен ойнағысы келеді екен.Муфаса болса ұлына мына кең байтақ жерді көрсетеді.Қарап ал ұлым,бұның бәрі сенікі болады.Патша деген мәңгілік емес,сондықтан мен әлсіреймін,бұл билікті сен аласың дейді.Осылайша әкесі оны басқа балалармен ойна деп жібереді.Симбаның іші пысып өзі бетімен ойнап кетеді.Сонда таудың басына жеке жатқан Шрамды көреді.Шрам болса Симбаға құпия қорқынышты жерді түсіндіреді.Ол жақта пілдердің сүйегі бар.Бірақ сен ол жаққа барма,ата анаң ашуланады дейді.Бала ғой енді.Барма дегенге бармай ақ қояды деп ойлайсыздар ма? Жоооқ! Ол өзі сияқты балақайлардың арасынан Нала деген кішкентай ханшайымды ертіп алып жол тартады.Сен білесің бе,пілдердің сүйегі деген жер бар екен.Барып келейік дейді.Зазу болса,оларды бақылап жүру керек екен.Олар мына Зазуды да алдап,ақыры пілдердің сүйегі мекеніне келеді.Шынымен қорқынышты жер екен.Симба өзінше қаһарман.Бір кезде шибөрілер қаптап жетіп келеді. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов #КорольЛев2019

Смотрите также