ҚОЛТАҢБА. ЕСІРТКІ ӨНДІРЕТІНДЕР ӨМІР БОЙЫ ТҮРМЕДЕ ОТЫРАДЫ
Былтыр елде 8 мыңға жуық қылмыс жасалған. Соның жартысына жуығы – есірткіге қатысты. Әсіресе, «синтетикаға» сұраныс сұмдық болып тұр. Есірткі қылмысына қатысы бар 4 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Оның жартысына жуығы – «закладчиктер». Синтетикалық есірткі жасырын орналастырамын деп опық жеп жатқандардың көбі – жастар. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қаңтар айында арнайы заңға қол қойды. Енді есірткі өндіретіндердің жазасын күшейтіп, ал оны жасырын орналастырғандарға жаза біршама жеңілдетіледі. 01:50 – «Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін». 02:25 – «Есірткі өндірушілер мен таратушыларға жаза күшейтіледі». 03:00 – Былтыр 63 есірткі зерхана анықталған 03:45 – Әлеуметтік желіде синтетикалық есірткі саудасына тосқауыл қоя алмай отырмыз 04:35 – 12 жасар баланың есірткі тұтынғаны анықталған 05:00 – «Синтетиалық есірткі адамды өзіне бірден байлап алады». 06:10 – Есірткінің кесірінен терезеден секіріп, өзіне қол салғандар бар 07:00 – Есірткі қылмысына қатысы бар 4 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр 07:45 – Синтетикалық есірткіні жасырын орналастырып, пайда тауып жүргендер – жастар мен жасөспірімдер 08:30 – Биыл 500-ге жуық «закладчик» бостандыққа шығады 09:15 – Әлемнің 30 шақты елінде есірткі қылмысына қатысы бар адамдарды өлім жазасына кеседі 10:20 – «Синтетиалық есірткіні тұрақты тұтынғандар 1-2 жыл ғана өмір сүреді». 11:30 – «Мемлекет басшысы есірткі қылмысымен бірлесіп күресу мәселесін күн тәртібінен түсірген емес». 14:15 – «Есірткіге қарсы өткізілетін шаралардың өзі балаларға жарнама болуы мүмкін».