Петерфельд ауылында ертегі әлемінен аумайтын шағын ферма бар
Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылында ертегі әлемінен аумайтын шағын ферма бар. Бұл – ерекше жануарларға толы жылы ұя. Ферма иесі — Ирина Фишбух. Мұнда жібектей жұмсақ қауырсынды тауықтар, қанаттарын жайған павлиндер мен сүйкімді пони Поли мекендейді. Ирина бұл шағын шаруашылықты болашақта үлкен, табиғатпен үйлескен эко-фермаға айналдыруды армандайды.