G
enby!

ОҚО-дан жауынгер әйелдің қабірі табылды

Қазақ тарихы тағы бір тың дерекпен толықты. Оңтүстік Қазақстан облысында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар бес қаруы сайланған жауынгер әйелдің қабірін тапты. Ғалымдар мүрдедегі сүйекке қарап, оның біздің дәуірімізге дейінгі 2-ші және біздің заманымыздың 4-ші ғасырларында өмір сүрген болуы мүмкін деп отыр. Археологтар обаны тарихы аз зерттелген Қаңлы мемлекетіне тиесілі дейді.Күні бүгінге дейін тарихи оқулықтарда көшпенді тайпалардың жауынгерлігі туралы деректер тым аз кездеседі.Сондықан бұл қазба қазақ тарихын тағы бір қырынан ашып көрсетуге мүмкіндік береді дейді археологтар. Археологтар үш метр тереңдіктегі обадан табылған сүйекті асқан ұқыптылықпен аршып алып жатыр. Өйткені мыңдаған жылдар бойы көмулі жатқан адамның сүйектері шіри бастаған. Жауынгер әйел қаңлы мемлекетінің тұсында өмір сүрген болуы мүмкін дейді мамандар. Вероника Хорват, археолог -Бұл егер ер азаматтың денесі болса онда маңдайы жазық және сүйегі ірі болатын еді. Мұнда мен өте жақсы көріп тұрмын. Маңдайы дөңгелек, көзінің айналасы әйелдің бейнесіне ұқсас. Жақ сүйектері де нәзіктеу. Соған сүйеніп жауынгер әйел деп отырмыз. Тігінен жатқан әйелдің сол жақ қанатында темірден жасалған алып қылышы бар. Қысқа қаншар мен шаппа тәрізді пышақта жатыр. Тіпті арқасына ілінген жебені де көруге болады.Қабірден найзаның бірнеше түрлі ұштары мен сүйектен жасалған бұйымдар да табылыпты. Бұдан бөлек құнды заттар да шыққан.

Смотрите также