G
enby!

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты

25 жыл бойы міндет, абырой, қалтқысыз қызмет. Бүгін еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына ширек ғасыр толды. Ішкі және сыртқы қауіп-қатерге темір қалқан болған органның мінсіз қызметіне тәуелсіздік жылдары көзіміз жетті. Талай сын сәтте адам өмірін ажалдан арашалады. Тұтқиылдан төтеп берген қаскөйге зор қарымта күшпен жауап қатты. Лаңкестіктің алдын алып, қылмыстың жолын кесті. Қызметі құпия құрылым ел ішіндегі тыныштықты сақтауға барын салды. Әлі де салып келеді. Ал әр уақытта біздің елімізге, байлығымызға, тұрақтылығымызға, Қазақстанның бүкіл дүние жүзіндегі абыройы мен беделіне қызығатын және қызғана қарайтындар аз емес. Сондықтан арқаны кеңге салып, босаңсуға болмайды. Қазақстан тұрақты дамып келеді. Ал елдегі тұрақтылық – ҰҚК-нің негізгі міндеті. Кәсіби мерекеге орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты кешке қатысып, бірқатар батырды марапаттады.

Смотрите также