Ережеп айының қадір-қасиеті. Ұстаз Елдос Жұмаділда
Ражаб (Ережеп) айы – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі. Ережеп – берекелі әрі ұлық ай. Ондағы аз ғана ізгі іске көптеген сауаптар беріледі, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген (Ибн Асакир). Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айында ораза тұтқан. Сахабалар Ережеп айы басталғанда пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза тұтқанын көріп, енді ауыз ашпаса керек, ал аузы ашық жүргенде, ораза тұтпаса керек деп ойлаған. Дегенмен, Ережеп айында ораза тұту, тұтпау – әркімнің өз еркі. Ораза тұтқан адамның оны айтып мақтануы, ораза тұтпаған адамды жазғыру дұрыс емес. #ражаб #ережеп #раджаб #уағызқазақша #уағыз