Қуандық Рахым, Нұртас Қайратұлы – «Түбінде жеңесің» | OST «Жарық күн»
Қалалық әкімдікке қарасты аумақты таза ұстау және санитарлық қызметтерді үйлестіретін «Таза қала» компаниясының техникалық қызметкері болып жұмыс істейтін Маржан өмірдің ауыртпалығына мойымай, отбасын асырап келеді. Еңбек адамы мекеме міндеттеген қала аумағын тазалап жүріп, біреуге «әпке» боп ақыл айтатын, енді біріне «әже» болып өнегесін көрсететін, кейбіріне «құрбы» болып сырласатын, әйтеуір қолдан келген көмегін аямайтын. Тіпті, өзі тазалық жұмыстарын жүргізетін ауланың, саябақтың, ғимараттың қасынан кездейсоқ кездескен балалармен шүйіркелесіп, оларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулитын. Маржан туған сіңілісі Раушанмен көп жылдан бері жүз көріспей кеткен. Дәулетті өмірге мастанған Раушан да тәкаппарлық танытып, туған әпкесімен татуласуды құп көрмеді. Ол екі қызы мен күйеу балаларына сеніп, шалқып жүргенде, тағдырдың «тосынсыйы» тәубесіне түсіреді деп ойламаған еді. Раушанның жұбайы Досжан Кеңесұлының кенеттен баласы Санжар пайда болып, бай қуатты шаңырақтан береке кетеді. Оқиға қалай өрбиді екен? Бірге тамашалайық! Әні: Ә. Нұрлыбек Сөзі: М. Кенжетайұлы #ҚуандықРахым #Жарықкүн #НұртасҚайратұлы #ОСТ #28қазан #хабар #хабаршоу #хабартв #жаңателехикая #казакшасериал #Түбіндежеңесің #саундтрек