Ақы төленбейтін еңбек: әйел үй жұмысын істеуге міндетті ме?
#OYDETOXExplanatory #ӘйнелӘмірхан #тасадағыәйелдер #үйжұмысы "Тасадағы әйелдер" жобасының кезекті саны "Ақы төленбейтін еңбек" тақырыбына арналып отыр. Әйнел Әмірхан шығарылым кейіпкерлері және сарапшыларымен бірге үй жұмысын кім жасау керек әрі оған ақы төленуі тиіс пе деген сұрақтарға жауап іздейді. Шығарылым кейіпкерлері: 1. Күләш Жатқанбаева, үй шаруасындағы әйел 2. Алия Таникенова, үй шаруасындағы әйел, блогер - / tanaliya Шығарылым сарапшылары: 1. Сая Бақимова, психотерапевт - / bakymova_saya 2. Айгерім Құсайынқызы, заңгер, гендерлік экономиканы зерттеуші - / kussaiynkyzy 3. Оразай Қыдырбаев, тәуелсіз медиасыншы 4. Айжан Салимжанова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығының директоры Таймкодтар: 00:00 - Кіріспе. Инстаграмдағы сауалнама 01:29 – Арбаттағы сауалнама: тұрғындар ақысыз еңбек туралы не ойлайды? 05:13 – Исландиядағы «Ең ұзақ жұма» 06:10 – Ақы төленбейтін еңбек, екінші смена, үшінші смена 06:48 – Қызылжар ауылы, Күләш Жатқанбаева және ауыл тұрғынының бір күні 11:42 – Сиырдың «декретке» шығуы 12:02 – Алия Таникенова – үй шаруасындағы блогердің бір күні 14:25 – Маман пікірі: Психотерапевт Сая Бақимова, әйел мен ер адамның еңбекке қатынасы, әйелдің өзін кінәлауы, демалуы, бақытты болуы, өз негізіне қайтуы туралы 19:03 - Маман пікірі: Әйгерім Құсайынқызы, заңгер, гендер экономикасын зерттеуші, үй шаруашылығымен кім айналысады, неге экономикада әйел еңбегі еленбейді, еңбек – тауар емес, еңбек – қызмет, сондықтан ақы төленуі және тегін еңбек болмауы керек. 21:14 – Оразай Қыдырбаев, тәуелсіз медиасыншы, Ұлан газеті мен Қазақфильм студиясы гендерлік теңдікті қалай көрсетеді 23:32 - Әйгерім Құсайынқызы: гендерлік бюджетирование бар ма, оқулыққа гендерлік сараптама жасала ма? 24:30 - Оразай Қыдырбаев: адам құқықтарын қоғам қалай түсінеді, журналистер неге ақы төленбейтін еңбек туралы жазбайды? 26:09 – Айжан Салимжанова: ақы төленбейтін үй жұмысының ақысы қалай есептеледі? 27:30 - Әйгерім Құсайынқызы: еркек немен айналысады, әйел немен айналысады; Қазақстан индустриялы-инновациялық мемлекет пе? 29:10 – Үй тірлігін кім жасауы керек? 29:26 – Айжан Салимжанова: жалпы ішкі өнімді есептегенде неге әйелдің атқаратын ақы төленбейтін еңбегі есептелмейді? Жағдайды өзгертудің жолдары қандай 31:50 - Сая Бақимова: журналистермен жұмыстың маңызы, қоғам өзінен-өзі өзгеріске дайын бола ма? 32:17 - Әйгерім Құсайынқызы: Швецияда ақысыз еңбекке жалақыны мемлекет төлейді. Ал Қазақстанда осы модельді қолдануға бола ма? Қыздарға қалыңмалды не үшін төлейді? 33:30 – Ақысы төленбейтін үй жұмысын кім атқаруы керек? сұрағына chat GPT-дің жауабы "Тасадағы әйелдер" - OY-DETOX арнасында айына бір рет шығып тұратын арнайы жоба. Жобаға Әйнел Әмірханның бірнеше жыл бұрын оқыған британдық журналист Кэролайн Криадо Перестің «Invisible Women: Exposing Data Bias in a World Designed for Men» ( Көзге көрінбейтін әйелдер. Неге біз еркектерге ғана ыңғайлы әлемде өмір сүреміз) атты гендерлік мәліметтерге негізделген кітабы арқау болды. Жоба туралы қандай да бір ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды akainazar1@gmail.com поштасына жібере аласыздар. Жоба Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Смотрите также
