Ғарифолла Есім: Мен Абайды ұстазым деп санаймын... | Абай әлеміне саяхат | Тұлға теориясы
Абайдың 180 жылдығына арналған деректі фильм. Бұл деректі фильм — көрнекті философ, академик Ғарифолла Есімнің Абай мұрасына қатысты ғылыми-зерттеу еңбектеріне негізделген. Абайды тереңінен танып, оны «хакім» деп атаған ғалым ақын шығармашылығын философиялық тұрғыда зерделеп, «толық адам» ілімін жүйелі ілім ретінде ұсынды. Фильмде автордың Абай дүниетанымына қатысты ой-толғамдары, ғылыми тұжырымдары мен жүрекпен айтқан сөздері арқылы көрермен Абайды жаңа көзқараспен танып, қазақ руханиятының терең қатпарларына бойлай түседі. Түсірілім Абай туған Жидебай өлкесінде, ақынның музей-үйінде жүргізілді. Табиғат аясындағы локациялар, ескі суреттер мен мұрағаттық бейнелер фильмнің мазмұнын байытып, көрерменді сол дәуір рухымен қауыштырады. Ғарифолла Есім — тек философ қана емес, ұлттық ойды тереңнен толғаған, Абайды ұлттың рухани көшбасшысы ретінде танытқан тұлғалардың бірі. Бұл фильм оның Абай әлеміне жасаған сапарына көрерменді бірге ілестіріп, қазақ философиясы мен әдебиетін қайта тануға себеп болады. Бұл фильм «Тұлға теориясы» деректі фильмдер циклінің бір бөлімі. «Тұлға теориясы» – өз еңбегімен елдің рухани кеңістігін кеңейткен, терең ойлы тұлғалар жайлы деректі фильмдер циклі. Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! #jibekjolytv # #