«Бүгінгі ұландар - ертеңгі ел қорғаушылар» бейне-презентация
7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын! Бұл мереке – батырлық пен қайсарлықтың, табандылық пен қайраттылықтың, Отанға деген шексіз мейірім-махаббаттың нышаны. Отан қорғау ісі қай кезде де әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы, әрі перзенттік парызы болып қала бермек. Үлгілі балалар кітапханасы «Бүгінгі ұландар - ертеңгі ел қорғаушылар» атты бейне-презентацияны назарларыңызға ұсынады.