Атырауда алаңсыз ойнап жүрген тоғыз жастағы баланы ер адам соққыға жыққан
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Атырауда алаңсыз ойнап жүрген тоғыз жастағы баланы ер адам соққыға жыққан. Басынан жарақат алып, шошып қалған мектеп оқушысына қазір психологтар көмек көрсетуде. Жеткіншекке жұдырық ала жүгірген күдікті көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Әріптесім Жұлдыз Тілеухан жәбірленушінің анасымен тілдесіп, барлық мән-жайды білген еді. Бейнебақылау камерасына жазылған оқиға кеше түстен кейін болған. Сабақтан соң досымен үйшікте алаңсыз ойнап отырған балалардың жанына 21 жастағы жігіт келеді. Ол еш себепсіз жеткіншектердің бірін жұлқылап шығарып, жуан жұдырығымен басынан ұрған. Ол аздай, қуалап жүріп тепкен. Бұл сорақылықты көрген тұрғындар араша түсіп, мектеп оқушысын аман алып қалыпты. Ал алыптай азаматтың әрекетінен кейін Омар психологиялық соққы алды дейді анасы. АЛЬБИНА БЕРҒАЛИЕВА, жәбірленушінің анасы: Шок күйде балам, қорқып қалған. Бұтына сиіп қойды сол бойда. Сөйлей алмай қалған сол сәтте. Жылаған. Момент сол кезде көршілер аман алып қалды араша түсіп. Көршілерімнің айтуынша ентелеп баламды ұрайын деп тұрған. Ер адам араласпағанда ажырату қиын болар еді. Еш себепсіз ұрған баламды. Танымаймыз біз ол кісіні. Төртінші сыныпта оқитын Омардың басына зақым келген. Беті ісіп, ерні жыртылған. Қазір үйінде емделіп жатқан жәбірленушіге психологтар көмек көрсетуде. ЖҰЛДЫЗ ТІЛЕУХАН, тілші: Әдетте азан-қазан болып жататын ойын алаңында қазір тыныштық. Себебі, тұрғындар кешегі жағдайдан соң ұл-қыздарын далаға жіберуге қорқып қалған. Олар балаларының қауіпсіздігіне алаңдайды. Полиция оқиға орнынан із суытқан күдіктіні тауып, қамауға алды. Белгілі болғандай, жеткіншекке шабуыл жасаған 21 жастағы студент екен. Ол психикалық есепте тұрмайды. Сол күні сап-сау болған. АМАН ИЗМАҒАНБЕТОВ, Атырау қалалық полиция бөлімінің бастығы: Атырау қаласындағы аулалардың бірінде 9 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жәбірленуші бала жеңіл дене жарақатын алып, оған психологиялық көмек көрсетілуде. Күдіктінің мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Тергеу барысында көпшіліктің зәресін алған оқиғаның жай-жапсары белгілі болмақ. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық