Маңғыстауда кәсіпкерлер кәріз суы тарифының көтерілгеніне қарсы
Маңғыстауда кәсіпкерлер кәріз суы тарифының көтерілгеніне қарсы. Айтуларынша, 97 теңге болатын қызмет құнын 1-інші қыркүйектен бастап 1 текше метр лас суды 389 теңгеден қабылдай бастаған.Көтерілген тарифтің кесірінен кәсіпкерлер де бағаны өсіруге мәжбүр. Бұл өз кезегінде тұтынушының қалтасына салмақ түсіреді.