Отандық медицина: қатерлі ісік пен жүрек ауруларының қалай алдын аламыз? | Медицина KZ
Әлем дерт атаулымен күресте түрлі әдістерді меңгеріп, технологияның алуан тәсілін енгізіп жатқанымен, аурудың азаяр түрі көрінбейді. Қазір ең қауіптісі жүрек-қан тамырлары аурулары, одан кейін онкология тұр. Жүректің қатерлісі адам, оның ішінде тепсе темір үзетін жастардың өзі жатқан қалпында оянбай қалып жатыр. Ал қатерлі ісік әу баста белгі бермейді, анықталған соң да жазылуы қиын. Дерт бірнеше жылға жалғасуы мүмкін. Бұл екеуіне де түрлі ем-дом жасалғанмен науқастың бәрі бірде жазылып кете қоймайды. Дерт асқынған болса тіптен қиын. Мұндайда адамның өмірін тағы біраз жыл сақтап тұруға ғана мүмкіндік болады. Ал ауруды ерте анықтауда эндоскопия саласының көмегі зор. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24 #медицинаkz #қатерліісік #онкология #жүрекаурулары #отандықмедицина