Түркістанда «Қолөнершілер қалашығы» ашылды
Түркістан тек тарих пен руханияттың ғана емес, ұлттық қолөнердің де ордасына айналуда. Бүгін рухани шахарда «Қолөнершілер қалашығы» ашылды, деп хабарлайды 24kz. Аумағы екі жарым гектарды алып жатқан нысан шығыс стилінде салынған. Қалашық ішінде 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақ үй және туристік инфрақұрылым қарастырылған. Жаңа мәдени орталықтың ашылуына орай «Түркістан – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық фестиваль басталды. Оған Түркия, Моңғолия, Қытай, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері мен еліміздің әр аймағынан 300-ден астам қолөнерші қатысуда. Айта кетейік, биыл Түркістан қаласы халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болды. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24