Дархан Әбдік: Шоқан, Әл-Фараби, азаматтық қоғам және Алаш арманы туралы
Жазылыңыз https://www.youtube.com/@QalamQaz?sub...
—————————————————— Бүгінгі ұсынатын шығарылымымыз ерекше. Әл-Фараби, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов жайлы “Өркениет шырақшысы”, “Ұстаз”, “Аққан жұлдыз” секілді деректі фильмдер түсірген журналист Дархан Әбдік Qalamcast бағдарламасына қатысты. Қонағымызбен тарихтың ілім ретіндегі маңызы, Алаш қайраткерлерінің қандай қоғамды армандағаны, Шоқан Уәлихановтың тағдыры, Әл-Фарабидің адамзат өркениетіне бергені және тағы басқа өзекті де қызық тақырыптар төңірегінде әңгімелестік. Сұхбат ұнаса, лайк қойып, пікіріңізді жазып, сілтемесін бөлісе отырыңыз. Дархан Әбдіктің бағдарламада аталған Шоқан Уәлиханов туралы “Аққан жұлдыз” фильмін мына сілтемеден көре аласыз: • 23.09.2018 - Аққан жұлдыз (Толық нұсқа) #ДарханӘбдік #ШоқанУәлиханов #Алаш 00:00 Анонс 00:58 Амандасу 01:56 Қоғамға тарих не үшін қажет? 02:39 Тарихты зерттеу не үшін қажет? 04:41 Ғылыми пайым мен пропаганданың айырмашылығы 06:10 Ұлтқа деген сүйіспеншіліктен де асқақ сезім 09:17 «Заң дегеніміз рухани құндылықтар» 12:15 БАҚ-тың басты 3 міндеті 13:00 «Ең үлкен өкініш - Алаш қайраткерлерінің тағдыры» 17:46 Әл-Фарабиді неге кәпір деп атаған? 22:41 Шоқанның өмірбаянынан туындайтын сұрақтар 26:11 Шоқан - қазіргі демократиялық түсініктегі озық ойлы адам 31:20 Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовта болмаған таңдау 33:31 Әл-Фарабидің еңбектерін сақтап қалған - Еуропа 36:06 «Батыс өркениеті - этникалық ұғым емес» 39:31 «Бізде азаматтық қоғам ешқашан болған жоқ» 41:57 Билер институты, сот және репутация