“БОЙЫМДА КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ҚАНЫ БАР!“ - ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ МҰХТАР МАҒАУИН ӨМІРДЕН ӨТТІ
Мұхтар Мағауин – жазушы, әдебиет зерттеушісі, әрі тарихшы. 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Ол қаламгерлік қызметті жиырма жасынан бастаған. Алғашқы әңгімелерінен-ақ үлкен көркемдік биікке жетеді. Алайда, көп ұзамай, жиырма бес жасында әдебиет тарихшысы ретінде атаққа шығады: Мұхтар Мағауин Қазақ Ордасы – ХV-ХVІІІ ғасырларда жасаған, бұл кезде мүлде дерлік ұмытылған ескілікті қазақ поэзиясын қайыра ашып, ресми әдебиет тарихына енгізген еді. Бұдан соңғы кезеңде ғылымнан қол үзбесе де, көркем прозаға біржола бет қойыпты. Көптеген әңгіме, хикаяттар, тың тақырып, өзгеше құрылымды романдар жазады. Бұл шығармаларда қазақ халқының өткеннен бүгінге дейінгі өмірі мен тарихындағы елеулі кезеңдер қамтылған.